Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен кету туралы шешімді 8 ай бұрын қабылдаған

Опубликовано:

Министр
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Алексей Цойдың сөзінше, мемлекеттік қызметтен кету туралы шешімді осыдан 8 ай бұрын қабылдаған.

Осы ретте, ол өзі басқарған кезде ведомство бәріне мейлінше ашық болғанын атап өтті.

"Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен осыншалықты жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифингке шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейде 3-4 сағат кетеді. 

Оған қоса дайындық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді", - дейді бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Еске сала кетсек, 20 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылған болатын.

Кейінірек, Цой әлеуметтік желідегі парақшасында қызметінен басқа жұмысқа ауысыуына байланысты кеткенін хабарлады.

Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министріне белсенді жұмыс істегені, Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948134-aleksei-coi-densaulyq-saqtau-ministri-qyzmetinen-ketu-turaly-sesimdi-8-ai-buryn-qabyldagan/

pixel