Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйден шығуға болмайды": Қытайдың бір қаласында коронавирусқа байланысты карантин енгізілді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: Mike Hewitt/Getty Images

Қытайдың Сиань қаласында коронавирустың таралуына байланысты қатаң карантин шаралары енгізілді. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

ВАК мәліметінше, әкімшіліктің бұйрығына сәйкес, барлық қала тұрғындары үйлерінде болуы тиіс.

Екі күнде бір рет ең қажетті тауарларды сатып алу үшін әр үйден бір адамның ғана шығуына болады. Сондай-ақ, үйден тек төтенше жағдайлар кезінде шығуға рұқсат етіледі.

Одан бөлек, ВАК дерегінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тез таралатын "омикрон" штамына байланысты әлем халқын Рождестволық және жаңа жылдық жоспарлардан бас тартуға және мереке тойлауды кейінге қалдыруға шақырып отыр.

Ал Сербияда ресейлік "Спутник V" препараты коронавирустың "омикрон" штамына қарсы ең тиімді вакцина деп танылды. Препараттың бустерлік дозасын алғаннан кейін мутацияға қарсы тиімділігі 80 пайыздан жоғары болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1948145-qytaidyn-bir-qalasynda-kuseitilgen-karantin-saralary-engizildi/

pixel