Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирустың "дельта плюс" штамы анықталды

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин. Фото: Алматы әкімдігі

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ӨКҚ-да өткен брифингте қалада коронавирустың "дельта плюс" штамы анықталғанын хабарлады. Оның белгілері "дельта" штамынан өзгеше, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин эпидемиологтардың алдыңғы болжамдары расталғанын және COVID-19 ауруының өзгерген белгілері қалада "дельта плюс" штаммының таралуымен байланысты екенін атап өтті.

"Ол тек Алматыда ғана емес, елдің басқа өңірлерінде де анықталды",- деді ол.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер елге кіретін адамдарды қатаң бақылауға алу жалғасып жатқанын айтты. Әлемде "омикрон" штамы анықталған сәттен бастап Алматыға штамм анықталған елдерден 1600 адам кірген. Олардың алтауында ПТР тест оң нәтиже көрсеткен.

Қазір алты сынама секвенирлеуге (вирус геномын декодтау) жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948186-almatyda-koronavirustyn-delta-plyus-stamy-anyqtaldy/

pixel