Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 бесінші толқынының шарықтау шегі қай айда күтіледі: Бекшин жауап берді

Опубликовано:

Температура
Көрнекі фото: Zakon.kz

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ӨКҚ-де өткен брифингте оңтүстік астанадағы коронавирус жұқтыру бойынша орташа мерзімді болжам жасады. Оның сөзінше, қалада "омикрон" штамының пайда болуы мен аурудың кезекті толқыны жүруі әбден мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаңтардың ортасынан бастап Қазақстанда "омикрон" штамы үстемдік құратынын айтты. Ол жай-жай "дельта" штамын ығыстыра бастайды.

"Аурудың бесінші толқынының шарықтау шегі 2022 жылдың наурыз айының ортасында күтіледі. "Омикрон" бүкіл әлемге өте тез таралады. Кеше оны әлемнің 106 елінде анықтағаны туралы айтқан едік, бүгін 109 елде тарағаны туралы ақпарат бар", - деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас санитар дәрігері қала қазір "жасыл" аймақта екенін, бірақ босаңсуға болмайтынын жеткізді.

Ол ДДСҰ мәліметтерін негізге алып, вакцинацияның толық курсынан кейін "омикрон" штамымен кездескенде иммунды қорғаудың тиімділігі 50 пайызға азайғанын, сондықтан халықты қайта вакцинациялауды тездету қажеттілігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948193-covid-19-besinsi-tolqynynyn-saryqtau-segi-qai-aida-kutiledi-beksin-zauap-berdi/

pixel