Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Юрий Ильин қанша жалақы алатынын жасырмай айтты

Опубликовано:

Юрий Ильин
Юрий Ильин. Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Юрий Ильин жалақысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің жалақым миллион теңгеге жуық, оны Үкімет бекітеді.

Менің қоластымдағы қызметкерлерге келетін болсақ, бүгінде олардың жалақысы төмен. 2023 жылы барлық қызметкеріміз, төтенше жағдайлар министрлігі ғана емес, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің мамандары да ҰҚК қызметкерлеріне төленетін жалақының 80 процентін алады. Бұл дегеніміз, күш құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымына қарай шамамен бірдей жалақы алады", - деді ол.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері министр мен қатардағы өрт сөндірушінің жалақысы арасындағы айырмашылық тым үлкен екенін айтып, министрдің жеке ойын сұрады.

"Нақты қарайтын болсақ, өрт сөндірушілер бір тәулік, кей кезде араға бір күн салып, жұмыс істейді. Ал министр тәулік бойы, күніне 24 сағат жұмыс істейді. Сосын министрдің жауапкершілігі қатардағы өрт сөндірушіден кем емес", - деді төтенше жағдайлар министрлігі..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948212-ministr-yurii-ilin-qansa-zalaqy-alatynyn-zasyrmai-aitty/

pixel