Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қысым көрсетуі мүмкін": Сот Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова
Бақытгүл Хаменова. Фото: gov.kz

Жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты екі ай қамауда ұстауға санкция берілгені белгілі болды. Облыстық соттың баспасөз қызметі мұндай шешімді түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 22 желтоқсандағы қаулысымен прокурордың өтініші бойынша өңір әкімінің орынбасарын үй қамақта ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға қатысты Атырау мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы қаулысы күшін жойғанын хабарлады.

"Хаменоваға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы жаңа қаулы шығарылды.

Сот алқасы Хаминованың ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін (ҚК 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) назарға алды. Оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

"Осы өңірде басшылық қызмет атқарып, ықпалы мен берік әлеуметтік байланысын пайдалана отырып, процеске қатысушыларға және істі объективті тергеуге қысым көрсетуі мүмкін",-деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948228-qysym-korsetui-mumkin-sot-xamenovanyn-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel