Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен Алматыда арнайы операциялар жүргізіліп, қылмыстық топ ұсталды

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Қаржылық мониторинг агенттігі

Нұр-Сұлтан және Алматыда қаржылық мониторинг агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарының контрабандалық жеткізумен және оларды Қазақстан аумағына өткізумен айналысқан топтың жолы кесілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі заттарының халықаралық арналар арқылы жақын шет елдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілгені белгілі болды.

Агенттіктің дерегінше, шағын мөлшердегі есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтарының, мектептерінің, ауруханаларының, мектепке дейінгі мекемелердің аумағында "жер астына салынған зат" түрінде таратылған.

"Сату анонимді Telegram-каналдар арқылы жүргізілді, төлем Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы қабылданды. Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары", - делінген хабарламада.

Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды.

Қолға түскендердің тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты - мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылған.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 килограмнан астам марихуана мен мефедронды құрады.

Бұған қатысты қылмыстық кодекстің 286-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін бес қылмыскер ұсталды.

Қолға түскендер тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948230-nur-sultan-men-almatyda-arnaiy-operaciyalar-zurgizilip-qylmystyq-top-ustaldy/

pixel