Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БЖЗҚ-дан қызмет немесе кеңес алудың 9 тәсілі

Опубликовано:

ЕНПФ
Фото: facebook.com/enpf.kz

Қазақстандықтар арасында БЖЗҚ қызметіне сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұл қызметтер мен кеңес алудың жаңа арналарының пайда болуына, қолданыстағыны жақсартуға, сондай-ақ барлық салымшылар үшін БЖЗҚ қызметтерінің барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Биылғы жылдың 11 айында ғана Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға 36,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда бір жарым есеге жуық көп. Осы ретте электрондық форматта алынған қызметтердің үлесі 90%-дан асады.

Сонымен, БЖЗҚ-дан қажетті қызмет немесе кеңес алу үшін төменде көрсетілген әдістердің бірін пайдалану керек.

  1. 1418 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Операторлар сізге қажетті ақпаратты береді немесе мәселеңізді шешуге көмектеседі. Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін.
  2. WhatsApp және Viber мессенджерлерін пайдаланыңыз. Өз смартфоныңызға +7 777 000 1418 нөмірін сақтап алып, содан кейін қосымшалардың бірінде сауалыңызды қоюға болады.
  3. Сонымен бірге, Telergam мессенджері арқылы қызмет алуға болады. Іздеу жолағына @enpfbot енгізіп, Start батырмасын басу керек. Егер Telegram-бот сізге көмектесе алмаса, онда сұрағыңыз автоматты түрде кеңесшіге жолданады. Жедел жауап алу үшін жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін хабарласу ұсынылады.
  4. Әлеуметтік желілерді де ұмытпаған жөн. Сіздер Instagram, Facebook, "ВКонтакте", Twitter және "Одноклассники" желісіндегі парақшаларға жазыла аласыздар. Өзіңізді қызықтыратын сұрақты пікір ретінде немесе жеке хабарлама ретінде жөнелтуіңізге болады.
  5. БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасын Google Play, AppStore немесе Huawei AppGallery-ден жүктеп алыңыз. "Жеке кабинет" арқылы қызметтерге толық қол жеткізу үшін жүйеге тіркелу немесе ЭЦҚ арқылы кіру қажет. БЖЗҚ-ның смартфондарға арналған нұсқасы 7 жылдан бері жұмыс істейді және биыл қосымшаға бірқатар жаңа тетік қосылды. Ең танымал функциялардың бірі - мерзімінен бұрын ақша алу үшін жеткілікті шекті тексеру. Одан бөлек, мұнда жеке зейнетақы шотынан электрондық көшірме мен оның бар-жоғы туралы анықтама алуға, реквизиттерге өзгертулер енгізуге және тіпті болашақ зейнетақыны есептеуге болады. Қосымшада БЖЗҚ мен зейнетақы жүйесінің соңғы жаңалықтарын, қордың көрсеткіштері мен бөлімшелердің мекенжайларын тіркелмей-ақ көруге болады.
  6. БЖЗҚ сайтына браузер арқылы кіру - дәстүрлі нұсқа болып саналады. Дәстүрлі - заманауи емес дегенді білдірмейді. Мұнда сіз өз мәселеңіз бойынша жан-жақты ақпаратты таба аласыз, сонымен қатар ондаған түрлі қызметті пайдалана аласыз. Өтініш жазу, қызмет көрсету үшін кезекке тұру, зейнетақы шотының көшірмесін email-ге алу, жылжымалы қызмет көрсетуге өтініш беру, зейнетақы калькуляторы, зейнетақы жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару - осы және өзге де көптеген қызмет түрі БЖЗҚ сайтында қолжетімді.
  7. Қызметті БЖЗҚ бөлімшесіне барып алу - азаматтар арасында әлі күнге дейін танымалдығын жоғалтқан емес. Қазақстан аумағында БЖЗҚ-ның 176 бөлімшесі бар. 2021 жылы салымшыларға қордың қызмет көрсету орталықтарында 2 миллионға жуық қызмет көрсетілді. БЖЗҚ бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz сайтынан немесе мобильді қосымшадан табуға болады. БЖЗҚ бөлімшелері жоқ еліміздің шалғай аймақтарында Қазпоштаның жергілікті бөлімшесіне жүгіну қажет. Ұлттық пошта операторының 347 филиалында 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 17 мыңға жуық зейнетақы қызметі көрсетілген.
  8. БЖЗҚ-да үшінші жыл жұмыс істеп тұрған жылжымалы кеңсе де ерекше назар аудартады. Оның көмегімен еліміздің шалғай аймақтарында қор бөлімшелерінің жетіспеушілігі мәселесі шешілуде. Мобильді кеңсе – бұл халыққа толыққанды қызмет көрсету үшін қажеттінің бәрімен жабдықталған заманауи шағын автобус. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары БЖЗҚ жылжымалы кеңсесінің келгенін жергілікті әкімдіктер арқылы білетін болады. Жылжымалы кеңседе алуға болатын қызметтер пакеті БЖЗҚ бөлімшелеріндегімен бірдей. БЖЗҚ-ның мамандандырылған көлігі Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының шалғай орналасқан елді мекендеріне қызмет көрсетеді. 2021 жылы олардың қатарына Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары кірді.
  9. БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету бөлімшелері немесе мобильді агенттер бар. Бұл қызмет түрі белгілі бір себеппен БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын және интернетті пайдалану мүмкіндігі жоқ адамдар үшін тиімді.

Әрбір салымшы сұраныс ерекшеліктеріне, жасына, тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан БЖЗҚ қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл, әсіресе, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұратын азаматтарымыз үшін маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948241-bzzq-dan-qyzmet-nemese-kenes-aludyn-9-tasili/

pixel