Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрі қандай жағдайда отставкаға кететінін айтты

Опубликовано:

Ербол Қарашүкеев
Фото: ОҚК Youtube арнасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ербол Қарашүкеев ОКҚ-да өткен брифингте қандай жағдайда отставкаға кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері күні кеше министр фермерлармен кездескенін, олар министрлік басшысынан отставкаға кетуін сұрағанын айтты. Ербол Қарашукеев мұндай шешімді тек президент қабылдай алатынын жеткізді.

"Мен үкімет мүшесі болғандықтан, отставкаға кету мәселесін тек мен шешпеймін. Мемлекет басшысы тиісті шешімді қабылдайды", -деді министр.

Ол фермерлемен кездесу төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын, оның соңында қос тарап бір шешімге келгенін мәлімдеді. Оған сәйкес, жыл басында Маңғыстау облысындағы жағдайды және жергілікті фермерлерге қосымша көмек көрсету мәселелерін тағы бір рет қарастыру үшін комиссия жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948263-auyl-saruasylygy-ministri-qandai-zagdaida-otstavkaga-ketetinin-aitty/

pixel