Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Фотошоп екенін байқамадық": Ақтөбеде желіге сурет жария еткен әкім сынға қалды

Опубликовано:

Табантал ауылы әкімі мен жергілікті кәсіпкер
Табантал ауылы әкімі мен жергілікті кәсіпкер: https://www.instagram.com/akimat_tabantal/

Ақтөбе облысы Табантал ауылының әкімдігі ресми парақшаға мерекелік құттықтаудан ерекше фото жүктеді. Фотошоппен жасалынған сурет желі қолданушыларының түсінбеушілігін тудырды. Ал әкімнің өзі "суреттің фотошоп екенін білмегенін" алға тартып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"16 желтоқсан күні ол кісіні жеке өзім барып құттықтадым. Апай - жақсы ісімен ауылдың атын шығарып жүрген кәсіпкер. Құттықтау кезінде үйіндегі балалардан суретке түсіріп жіберуді өтіндім. Кейін мамандарыма ападан суретті алып, Instagram-ға жүктеуді тапсырдым. Себебі, ол кісінің үйіне барғаным рас. Апай үй киімімен түскен суретінен ұялып, фотошоппен жасаған. Оны бізге ескертпеген. Біз оның фотошоп екенін байқамағанбыз, әкімдіктің парақшасына салынды",- дейді Табантал ауылдық округінің әкімі Рүстем Жораұлы.

Әкімдіктің ресми парақшасында әкімнің фотошоппен жасалған суреті әлі де тұр.

"Ауыл әкімі ауылымыздың тұрғыны, ерен еңбек иесі, қайсар ана, ауыл әйелдерінің республикалық форумының қатысушысы, "100 есім", "Асқар шыңға ту тіккен ауыл әйелдері" кітабына енген, шаруа қожалығының басшысы Нәжмедденова Балсұлу апамызға барып, құттықтауды жөн көрді. Апамыздың кәсібіне береке, отбастарына амандық тілеп, тәуелсіздік шағымызда атқарған еңбектеріне алғыс айтты", - деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Табантал ауылы әкімі мен жергілікті кәсіпкер
Табантал ауылы әкімі мен жергілікті кәсіпкер: жеке мұрағат

Ал мерекелік құттықтау иесі әкімнің суретіне фотошоп жасаған өзі екенін айтып берді.

"Әкімнің үйге келіп құттықтағаны рас. Суретке түсейік" деді. Сол жерде үйде жүрген киіммен түсе салдым. Ол бала кеткен бойда бауырым қайтыс болды деген хабар келді. Жылап-еңіреп телефонды үйге тастап кетіп қалғанмын. Әкімдіктің мамандары келініме хабарласып, құттықтауға барған кездегі суретті сұрайды. Балаларым мені үй киіммен тұр деп фотошоп жасаған. Жасым жетпіспен асқан адаммын. Маған фотошоп та, Instagram да керек емес",- дейді Балсұлу Нәжмедденова.

26 жастағы Табантал ауылдық округінің әкімі Рүстем Жораұлы алты айдан бері ауыл басшысының қызметін атқарып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948265-fotosop-ekenin-baiqamadyq-aqtobede-zelige-suret-zariya-etken-akim-synga-qaldy/