Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов жаңа жылдан бастап елімізде азық-түлік тағы қымбаттайтынын айтты

Опубликовано:

азықсупер
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа жылдан бастап азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды. Мұны сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Сұлтанов мәселені шешуге министрлік қауқарсыз екенін айтқан. Бұған елдегі ең төменгі жалақының 2022-ші жылдан бастап өсуі себеп екен.

"Жалақы көбейгеннен тауардың да бағасы көтеріледі. Тауардың бағасы көтерілгеннен жалақыны көтеруге жұмыс жасау керек", - деді министр Бақыт Сұлтанов.

Елордалықтар болса баға күн сайын өсіп келе жатқанына шағымданған. Қымбатшылық салдарынан ет жеуден қалған отбасылар да бар.

"Етті мүлде көрмейміз", "Халыққа әрине қиын. Бәрі қымбат, өте қымбат", "Бізге қиын болады", - дейді астаналықтар.

Б. Сатуов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948272-baqyt-sultanov-zana-zyldan-bastap-elimizde-azyq-tulik-tagy-qymbattaitynyn-aitty/

pixel