Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл жақындаған соң Ақтөбеде қорықшылар орманға түнеуге мәжбүр

Опубликовано:

Орман
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде қарағай күзеткен қорықшылар орманға түнеуге мәжбүр. Жаңа жыл қарсаңында аядай жердегі ағаштан айрылып қалмау үшін олар тәулік бойына кезекшілік атқаруға кіріскен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Күні-түні кезекшілікте отырмыз, орманшылар. Түнде де шығады. Видетүсірім, фото есептері де бар. Участок қой. Басқа участіктердегі орманшылардың бәрін осыған жұмылдырдық", - деді Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесінің директоры Марат Құспанов.

Ақтөбе облысында шырша мүлдем шықпайды. Ал қарағай өскен аймақ 30 гектар ғана. Осы аумақты күзету үшін өңірдегі барлық орманшыны жинаған. Қорықшылардың сөзінше, жаңа жыл жақындағанда балтасын асынғандар орманға келеді.

Ал тәртіп сақшылары базар мен сауда нүктелерін бақылауға алған. Әзірге, Ақтөбеге қылқан жапырақты ағаштар көршілес Ресейден жеткізіліп жатыр.

"Құжатын тексереміз. Фитосанитарияны да тексереміз. Сосын тауар, көлік құжатын. Ақтөбе облысында шырша өте аз өседі. Оның бәрін Ресей Федерациясынан әкеліп жатыр. Қазір саудаға тыйым салынған жерден сегіз факті анықталды", - деді Ақтөбе облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторы Серік Елеуов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948275-zana-zyl-zaqyndagan-son-aqtobede-qoryqsylar-ormanga-tuneuge-mazbur/

pixel