Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 70 науқастың жағдайы өте ауыр

Опубликовано:

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жағдайына қатысты соңғы мәліметтер жария болды. Оларға сәйкес, бүгінде елімізде қауіпті індет құрығына іліккен 70 адамның жағдайы өте ауыр екені белгілі болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 404 адам коронавирус инфекциясынан (–16 010+ және 2 394 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 921 пациент стационарда, 15 483 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 254 адамның жағдайы ауыр,
  • 70 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 56 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың тағы 460 дерегі тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948312-elimizde-koronavirustan-emdelip-zatqan-70-nauqastyn-zagdaiy-ote-auyr/