"Қолын таңдық": Алматыда қаңғыған иттер екі оқушыны қауып алған

Опубликовано:

ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының Алғабас ықшамауданында қаңғыған иттер мектеп оқушыларының бірінің қолын тістеп алған.

Зардап шеккен баланың анасымен "Алматы" телеарнасының тілшілері сөйлесті. Айман Оспанова ұлын көшедегі адамдар құтқарып қалғанын айтты. Олар итті қуып жіберген, ал бала қазір ауруханада жатыр.

"Мен баламды ит тістеп алғанын естігенде жұмыста отырғанмын. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Біз оны бірден ауруханаға апарып, қолын таңдық. Бұл қашанға дейін жалғасады? Біз өз өміріміз үшін қорқамыз", -деді Айман Оспанова.

Бұл пікірді басқа алматылықтар да қолдап отыр.

"Топ болып жүреді. Немерелерім үшін қорқамын. Міне, оларды алып кетуге мектепке өзім келдім. Жасым 80- де, иттерден қаша да алмаймын. Өзім үшін емес, немерелерім үшін уайымдаймын",- дейді қала тұрғыны Бисембек Өміржанов.

Телеарна дерегінше, жыл басынан бері қаңғыған иттерден 3000 алматылық зардап шеккен. Олардың көпшілігі - балалар. Мегаполисте панасыз жүрген иттерді ұстайтын қызмет жұмыс істеуде. Олардың 15 маманы шабуыл туралы хабарлама түскен соң іске кіріседі. Осылайша, иттер арнайы паналау орталығына жеткізіледі. Оларды үш күн ішінде ешкім алып кетпесе, улап өлтіреді.

"Бүгінде біз 30 қаңғыған итті ұстадық. Оларды паналау орталығына жібереміз. Айтпақшы, біз ұстап әкеткен иттерді кез келген адам алып кете алады. Тек оған екпе салып, құжатын жасау керек",- деді Алғабас ықшам ауданы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әбілхат Жапақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948325-qolyn-tandyq-almatyda-qangygan-itter-eki-oqusyga-sabuyl-zasady/