"Құлынымды құтқарыңдаршы": Алматылық ана ұлын қатерлі дерттен аман алып қалу үшін дәріге ақша таппай отыр

Опубликовано:

Алтай Сатыбалды
Алтай Сатыбалды: жеке мұрағат

Алтай Сатыбалды қан ауруымен күресіп, Түркия ауруханасын жағалап жүрген көп қазақ балаларының бірі. 2017 жылдан бері оның өмірі ауруханада өтіп жатыр. Лейкоз дертіне шалдыққан Алтай сабақты да, өзі сүйіп айналысатын боксты да ұмытып, өмірі үшін күресуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

2017 жылы дәрігерлер Алтайдың тез асқынатын лейкоз ауруына шалдыққанын анықтады. Осы уақыт аралығында 13 жасар балақайдың сүйек кемігі екі рет ауыстырылған.

Ең өкініштісі сол, ота сәтті өтсе де, ондағы рак жасушалары қайта-қайта оянып, Алтайдың ауруы төрт рет асқынып кетті.

"Ұлым екеуміздің өміріміз бес жылдан бері ауруханада өтіп жатыр. Аурудың беті қайтпаған соң, 2020 жылы Түркияға келдік. Осы елде ұлыма екінші рет ота жасалып, сүйек кемігі ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, Алтайдың диагнозы өте ауыр. Өйткені, алты ай сайын рак жасушалары қайта оянып кетіп жатыр. Осыған дейін бауырға ота жасату үшін 123 мың, сүйек кемігін ауыстыру үшін 128 мың доллар кетті. Балам не көрмеді?! Жоғары дозалы химиялық терапияны тоқтаусыз алды. Қан кетіп, жансақтау бөлімінде өлім мен өмір арасында жатты", - дейді Алтайдың анасы Шарбану Орынбаева.

Түркиядағы танымал профессорлардың бірі Бирол Байтан "Азацитидин " дәрісін тағайындап отыр.

"ДНК жасушалары функционалдық жағынан жұмыс істеу үшін қажет. Себебі, біздегі жасушалар мутацияға ұшырауына байланысты, жыл сайын ауру қайта қайта оралуда (рецедив). Осы препарат бізге ауадай қажет. Құны 15 мың доллар тұрады. Аурухана алдында қарызым жоқ, бірақ, осы дәріні шұғыл алмасақ, Алтайымның өміріне үлкен қауіп тұр. Бүгіні жұмада жанашыр жандардан жалынып көмек сұраймын. Құлынымды құтқаруға көмектесіңіздер", - дейді Алтайдың анасы.

Алтай Сатыбалдыға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Карта номері: 4400 4301 5303 2278

Телефон номері: 8 775 708 18 39

Орынбаева Шарбану Есембаевна (мама)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948335-qulynymdy-qutqaryndarsy-almatylyq-ana-ulyn-aman-alyp-qalu-usin-darige-aqsa-tappai-otyr/