Алматыда жаңа жыл мерекесіне орай қандай мәдени шаралар өтеді
Опубликовано:

25 желтоқсаннан қаңтар айының соңына дейін мегаполисте 60-тан астам түрлі іс шара өтеді. Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойлымдары, концерттер бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан танысуға болады.
Қала әкімдігі санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және "омикрон" штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтауды еске салады.
"Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендер ревакцинациядан өту қажет. Вакцинация пунктері жұмысын жалғастырады", - делінген жазбада.
Айта кетейік, 20 желтоқсан күні Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды. Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен, жаңажылдық ойыншықтармен безендірілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948339-almatyda-zana-zyl-merekesine-orai-qandai-madeni-saralar-otedi/