Қостанай облысында мектеп директоры көлікпен оқушыны қағып кетті: Оқиғаның мән-жайы қандай

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысында көлікті мас күйінде тізгіндеген мектеп директоры оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 20 желтоқсан күні кешкі сағат 18:40-тың кезінде Жангелдин ауданында болған.

Мәуленов пен Құлжанов көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo маркалы көліктің 62 жастағы жүргізушісі 14 жастағы қызды қағып кеткен. Рөлде ауыл мектебінің директоры отырған.

"Медициналық тексеріс кезінде көлік жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Соның негізінде процессуалдық шешім шығарылады", - дейді полицейлер.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көлік астына түскен қыз бала бірден Жангелдин аудандық ауруханасына жеткізілді. Көлік оны оң жақ жамбасынан соққан. Оқушы қатты қорқып қалды. Тексерістен кейін үйіне жіберілді. Жарақат алмаған.

Ал Қостанай облыстық білім беру басқармасы директордың денсаулық жағдайына байланысты демалыс алғанын хабарлады.

"Жұмысқа шыққаннан кейін оның мәселесі педагогикалық этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралады", - дейді мамандар.

Құқық қорғау органдары талап етсе, тергеу кезінде мектеп директорын қызметтен шеттетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948344-qostanai-oblysynda-mektep-direktory-kolikpen-oqusyny-qagyp-ketti-oqiga-turaly-tyn-derekter-syqty/

jitsu gif