Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Ағаңды түрмеден шығарып беремін”: Алаяқтық жасаған ғашықтар қолға түсті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан ғашықтарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Оның сөзінше, белгісіз екі адам түрмеде жатқан ағасын шығарып беретінін жеткізіпті.

Бұл "қызметі" үшін жәбірленушіден үш миллион теңге алған. Алайда бір жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтып, ақшасын қайтармағаны белгілі болды. Сонымен қатар, уәдесін де орындамаған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстады.

Олар орта жастағы ер азамат пен сүйіктісі болып шықты.

Ғашықтар дәл осылай жеңіл жолмен ақша таппақ болғандарын мойындап отыр.

Құқық қорғау саласының мамандары да бұл жұптың бұған дейін де алаяқтық жолмен сотты болғандарын жоққа шығармады.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және жеке деректерін ешкімге бермеуге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948358-agandy-turmeden-sygaryp-beremin-alayaqtyq-zasagan-gasyqtar-qolga-tusti/

pixel