Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 млн теңге жымқырылған: Алматыда шенеунік пен бизнесмен қамауға алынды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 28 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Агентіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы мен "Аstana-Құрылыс ХХІ" басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

"Мердігер "Аstana-Құрылыс ХХІ" пен Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі арасында 71 миллион теңгеден астам сомаға "Бас Қарасу" өзенінің арнасын қайта жаңартуға шарт жасалғаны анықталды.
Алайда, жауапкершілігі шеутеулі серіктестіктің басшысы 2019 жылдың тамызынан қыркүйекке дейін аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасының көмегі арқасында орындалған жұмыстар актілеріне көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру әрекеттері жасалды" делінген хабарламада.

Бөлім басшысы мен "Аstana-Құрылыс ХХІ" басшысы 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948372-28-mln-tenge-zymqyrylgan-almatyda-seneunik-pen-biznesmen-qamauga-alyndy/

pixel