Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Опубликовано:

Жаңа жыл кезіндегі азық-түлік бағасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға жаңажылдық шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік дерегінше, елде жыл сайын жаңажылдық мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды пайдалануда өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан орта есеппен 10 өрт оқиғасы болады (2018 ж. – 4, 2019 ж. – 8, 2020 ж. – 15).

Мәселен, 2020 жылы 15 өрт оқиғасы тіркелген (Алматы қаласында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында – бір-бір оқиғадан). Өрт петарданың мансард үй-жайына түсуі, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қағидаларын бұзу, пиротехниканы абайсыз пайдалану салдарынан болған.

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында елімізде полиция департаменттерімен бірлесіп рұқсат етілмеген пиротехникалық бұйымдарды сату орындарына рейд жүргізіледі. Оның барысында кәсіпкерлерге пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату орындарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі.

Өрттің шығуына, адамдардың жарақаттануына жол бермеу мақсатында ТЖМ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.

Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде:

* терезелерінде торы жоқ кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген үй-жайларды пайдалану;

* иллюминацияны электр қондырғыларының техникалық нормаларын сақтай отырып орындау керек. Иллюминацияда ақау табылған жағдайда (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын) оны дереу токтан ажырату керек;

* сахнада және зал бөлмелерінде өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың кезекшілігін ұйымдастыру;

* үй-жайларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде:

* оларды терезелерден, балкондардан және үйлердің жанына жібермеңіз, себебі ол жанып жатқан жұлдыздардың балкондарға және тұрғын үй-жайларға түсуіне, балкондарда қалдырылған мүліктің немесе тез тұтанатын заттардың жануына алып келуі мүмкін;

* мас күйінде пиротехниканы жібермеңіз;

* бұйымды пайдалану нұсқауларына сәйкес алдын ала орналастыру және сенімді бекіту қажет;

* бұйымды өртеу кезінде оны қолында ұстауға, бұйымның үстіне еңкейтуге болмайды. Білтені қол созым қашықтықтан жағу керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымға кемінде 5 мин жақындауға болмайды.

* таңбаланған автомобильдердің жанында ракетницадан атуға болмайды;

* күшті және ұйытқыма жел кезінде отшашудан мүлдем бас тартқан жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948379-tzm-zana-zyl-qarsanynda-qazaqstandyqtarga-manyzdy-undeu-zasady/

pixel