Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір айдан соң үйлену тойы": Павлодарлық аруды танысы кафеде алып қашқан

Опубликовано:

қалыңдық11
Көрнекі фото: pixabay.com

21 желтоқсанда Павлодар облысының полиция департаментіне қызды алып қашу туралы хабарлама түскен. Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арызданушы тәртіп сақшыларына алып қашқанға дейін достарымен бірге кафеде түстенгенін жеткізді.

Бірнеше уақыт өткен соң таныстарының бірі жеке сөйлесу үшін сыртқа шақырыпты. Бойжеткен келісімін берген. Осы уақытта жастар қаланы аралап, бір сағаттан соң қайта келетіндерін алға тартқан.

Кешірек "күйеу жігіттің" жақыны келіп, ежелгі әдет-ғұрыппен қызды алып қашқандарын хабарлаған.

Осылайша, бойжеткен полиция қызметкерлеріне шағым түсірген.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 125-бабы ("Адамды ұрлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталды",-деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948383-bir-aidan-son-uilenu-toiy-pavlodarlyq-arudy-tanysy-kafede-alyp-qasqan/

pixel