Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон кіргізбек болғандардың жолы кесілді (фото)

Опубликовано:

Әуе
Фото: polisia.kz

Атырау қаласындағы колонияға дрон арқылы телефон өткізбек болғандардың қулығы әшкере болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласындағы ҚАЖД УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері 22 желтоқсан күні шамамен 19:00-де аспанда белгісіз құрылғының ұшып жүргенін байқаған.

Олар "белгісіз заттың" төмендеуін күтіп, тексеру кезінде құрылғының дрон екенін анықтаған.

Ал дронға абақтыға кіргізуге тыйым салынған заттар - ұялы телефон мен екі USB сымы байланған екен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша жиналған материалдар қосымша тергеу органдарына жолданған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін дронның көмегімен Қазақстаннан Өзбекстанға қару жібермек болғандар ұсталған еді.

Қаруды ар жақтан Өзбекстан азаматтары алуы керек болған. Алайда шекарашылар қару-жарағы бар дронды байқап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948408-atyrauda-turmege-dron-arqyly-telefon-kirgizbek-bolgandardyn-zoly-kesildi/