Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауапты ведомство елімізде коронавирустың "омикрон" штамы анықталғанын жоққа шығарды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстан облысында "омикрон" штамының анықталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстанда "омикрон" штамы пайда болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. "Омикрон" штамы анықталған жоқ. Азаматтарды шетелге шықпауға және Жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алуға шақырамыз", - дейді Ержан Байтанаев.

Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де өңірде "омикрон" штамының анықталғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бүгінгі күні облыста "омикрон" штамын жұқтырған адам тіркелген жоқ", - дейді ведомство басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.

Оның сөзінше, оң нәтижелі сынамалар Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық сараптама орталығына жіберілген. Орталықта сынама коронавирустың қай нұсқасына жататыны анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жаңа штамның пайда болғаны туралы ақпарат "Уральская неделя" Telegram каналында жарияланған еді. Алайда, кейінірек жазба өшірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948410-zauapty-vedomstvo-elimizde-koronavirustyn-omikron-stamy-anyqtalganyn-zoqqa-sygardy/

pixel