Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетпек

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин
Фото: Алматы әкімдігің баспасөз қызметі

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин зейнетке шығады. Осыған байланысты ол 5 қаңтарда яғни туған күнінде қызметінен кетпек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақпаратты Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растады.

"Бұл - зейнет демалысына шығуымен байланысты", - дейді Бекшиннің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Жандарбек Мұхтарұлы 1958 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысының Байғара ауылында өмірге келген. 1982 жылы Еңбек Қызыл Ту ордені Свердлов мемлекеттік медициналық институтын бітірген.

Еңбек жолын санитарлық дәрігер қызметінен бастаған, кейінірек, Целиноград қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі болған.

Әр жылдары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау ведомстволарында лауазымды қызметтер атқарған.

2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың наурыз айына дейін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болды.

Ал Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып 2020 жылдың 18 сәуірінде тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948438-almatynyn-bas-sanitar-darigeri-zandarbek-beksin-qyzmetinen-ketpek/

pixel