Бекшиннің қызметін уақытша кім атқаратыны белгілі болды
Опубликовано:

Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шыққан соң Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполистің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, Бекшин еңбек демалысына шыққан соң оның міндетін департамент басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарады.
"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның міндетін атқару Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктелді", - делінген СЭБД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің 5 қаңтардан бастап зейнетке шығатыны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948449-beksinnin-qyzmetin-uaqytsa-kim-atqaratyny-belgili-boldy/