Теміртауда сатушы әйел дүкен тонамақ болған қарақшыға тойтарыс берді

Опубликовано:

Тонау
Көрнекі фото: pixabay.com

Теміртау қаласында дүкен тонамақ болған қарақшыға сатушы әйел тойтарыс берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 20 желтоқсан күні Теміртау полициясына белгісіз біреу көкөніс павильонының сатушысына шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция отряды жеткен.

33 жастағы зардап шегушінің сөзінше, сағат 16:00 шамасында бейтаныс адам дүкенге кіріп, күш қолданып, кассадағы ақшаны алып кетпек болған.

Алайда сатушы әйел қарақшыға қарсылық көрсетіп, күдіктінің ойын іске асыруына жол бермеген.

Ал полиция қызметкерлері күдікті ретінде 38 жастағы ер адамды ұстаған. Ол кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191 бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948463-temirtauda-satusy-aiel-duken-tonamaq-bolgan-qaraqsyga-toitarys-berdi/