Алматы дәрігерлері жамбас сүйегі сынған 94 жастағы әжені аяғына тік тұрғызды
Жарияланған күні:
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 94 жастағы науқас шұғыл жеткізілді. Дәрігерлер оған күрделі жоғары технологиялық операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер қарт әжейге сүйек сынықтарының ығысуы мен оң жақ жамбас сүйегінің жабық түрдегі сынуы диагнозын қойды. Дәрігерлер науқасқа сүйектің күрделі сынықтарын емдеуге арналған жоғары медициналық технологияны қолдана отырып операция жасады.
Отаға ортопед-дәрігер Берік Оспанов жетекшілік етті.
"Жабық репозиция- бұл біз сынық орнын толығымен ашпай, екі кішкентай жырық арқылы шағын инвазивті тәсілмен бақылаушы рентген аппаратымен кіріп, сынықтарды қалпына келтіреміз. Осы операцияны жасаған кезде сүйектер тез тұтасады.
Операция бір сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Келесі күні операциядан соң әжеміз жүріс арбасымен жылжып қозғала бастады. Бүгін пациент сауығып үйіне шықты", - деді Берік Оспанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948473-almaty-darigerleri-zambas-suiegi-syngan-94-zastagy-azeni-ayagyna-tik-turgyzdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.