Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да мамандандырылған мектеп-интернаттың бұрынғы директоры жеті жылға сотталды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

ШҚО-да мамандандырылған мектеп-интернатының бұрынғы директоры жеті жылға сотталды. Оған мемлекет қазынасынан 12 миллион теңге жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Айыпты азамат сот шешімімен келіскен жоқ. Ал мемлекеттік айыптаушы судьядан 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда судья істің мән-жайын және сотталушы азаматтың кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере келе, шешімді сәл жеңілдетті.

"Сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, алғаш рет қылмыс жасағанын ескере отырып,  7 жылға  бас бостандығынан айыру шешімін шығарды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет лауазымын өмір бойы атқаруға да шектеу қойды. Бұл қосымша жаза ретінде қарастырылды", - деп хабарлайды қалалық №2 соттың судьясы Алмат Исахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948477-sqo-da-mamandandyrylgan-mektep-internatynyn-buryngy-direktory-zeti-zylga-sottaldy/

pixel