Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларды вакцинациялау: ШҚО-да мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pxhere.com

Шығыс Қазақстан облысында мектеп директорларының бірі қатаң сөгіс алды. Әлеуметтік желіде оның оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқыны төмен екенін айтып жатқан аудиожазбасы тараған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚР БҒМ сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Үржар аудандық орта мектеп директоры балаларға дауыс көтеріп жатқан аудиожазбасы тарады. Келіншек эмоцияға беріліп, балаларды коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырады.

Білім министрлігінің баспасөз қызметі аталған фактіге байланысты тексеру басталғанын хабарлады.

"Мектеп директоры эмоцияға беріле сөйлеген жазбасы желіде тараған соң кешірім сұрады. Алайда, педагогикалық этиканың бұзылуына байланысты ШҚО әкімдігінің білім басқармасы мектеп директорын қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

ШҚО білім басқармасы педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді", - деді БҒМ баспасөз қызметінде.

Министрлік мектеп заңнамалық тұрғыда әкімдікке тікелей бағынатынын айтты.

"Сондықтан балалар мен педагогтердің құқықтары бұзылған, сондай-ақ мұғалімдерді тән емес функцияларды орындауға тартқан жағдайда жергілікті білім басқармаларына немесе қажет болған жағдайда ҚР БҒМ Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттеріне жүгінуді сұраймыз",- деді министрлікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948481-balalardy-vakcinaciyalau-sqo-da-mektep-direktoryna-qatan-sogis-zariyalandy/

pixel