Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғыны мұз астына түсіп кеткен досының өмірін арашалап қалды

Опубликовано:

мұз қатқан өзен
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Атырауда Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, екі жігіт суға кетіп қала жаздады. Абырой болғанда, олар өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалған деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 24 желтоқсан күні болған.

Мұз астына түсіп кеткен досын құтқару үшін екіншісі оның артынан суға секіріпті.

"Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген жігіттің батып бара жатқанын көріп досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған. Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағада полция қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырған.

Атырау облысының полицейлері мұз бетінде жүру қауіпті екендігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948495-atyrau-turgyny-muz-astyna-tusip-ketken-dosynyn-omirin-arasalap-qaldy/

pixel