77-і Нұр-Сұлтаннан: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды
Опубликовано:

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 25 желтоқсанда елімізде 399 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған деп, хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 77
- Алматы қаласы - 36
- Шымкент қаласы - 6
- Ақмола облысы - 47
- Ақтөбе облысы - 5
- Алматы облысы - 19
- Атырау облысы - 2
- Шығыс Қазақстан облысы - 22
- Жамбыл облысы - 3
- Батыс Қазақстан облысы - 7
- Қарағанды облысы - 53
- Қостанай облысы - 39
- Қызылорда облысы - 1
- Маңғыстау облысы - 1
- Павлодар облысы - 42
- Солтүстік Қазақстан облысы - 39.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 985 857-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 633 адам аурудан жазылып шыққан.
26 желтоқсандағы мәлімет бойынша қазір Қазақстанда 17 711 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 759 пациент стационарда, 15 952 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
236 адамның жағдайы ауыр, 63 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948550-77-i-nur-sultannan-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/