Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда бесінші сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман-есен алып шыққан

Опубликовано:

Өрт сөндіру қызметі
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қостанайда бесінші сынып оқушысы өрт шыққан үйден 4 баланы құтқарды. Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

ТЖД-ның мәліметінше, 25 желтоқсан күні сағат 11:36-да "101" қызметіне Қостанайдағы "Садовод" саяжай қоғамының аумағында өрт шыққаны жайлы қоңырау түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде 6 адам тұратын тұрғын үй өртеніп жатқан. Өрттің аумағы 60 шаршы метрді құраған. Ал үйде ешкім болмаған.

Белгілі болғандай, саяжай аумағында тұратын Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Олег Пирог сол күні көшеде ойнап жүріп, көрші үйден қалың түтінді байқап қалған.

Олег мұнда көп балалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалар тұратынын білетін дейді Қостанай облысының төтенше жағдай департаменті.

Сондықтан ол өрт сөндірушілердің келуін күтпей, түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, кезекпен төрт баланы көшеге шығарған.

"Бұл уақытта үйде ата-аналар болмаған, олар пешті тұтатып, дүкенге шығып кеткен. Ата-аналар келгенге дейін құтқарылған балалар көршілерінде болды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес", - деп қосты ведомство.

Оқиға орнында 4 бірлік техника, өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері және қаланың басқа да шұғыл қызметтері жұмыс істеген. Одан бөлек, өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шыққан.

Құтқарушылар өртті 12:07-де ауыздықтап, көрші саяжай учаскелеріне таралу қаупін жойған. Сағат 12:28-де өрт толықтай сөндірілген.

Ал өрттің шығыуына пешті дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін, дейді Қостанай облысының төтенше жағдай департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948561-oz-omirin-qaterge-tikken-qostanaida-besinsi-synyp-oqusysy-zanyp-zatqan-uiden-balalardy-qutqardy/

pixel