Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда күшті желдің салдарынан бес қабатты тұрғын үй шатырсыз қалды (фото, видео)

Опубликовано:

шатырсыз қалды11
Оқиға орнынан фото: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оралда бұрқасын мен жел тұрғындарды әбігерге салуда. Желдің екпіні қатты болғаны соншалық, тіпті қаладағы көпқабатты үйдің бірі шатырсыз қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, жексенбі күні шамамен 00:00-де төртінші ықшамаудандағы №30 үйдің тұрғындары хабарласып, көпқабатты үйдің шатырын жел ұшырып әкеткенін айтқан.

"Бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып әкеткен. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардан құралған комиссия жұмыс істеп жатыр. Үй 2016 жыл күрделі жөндеуден өткен", - дейді БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

жел ұшырды
Оқиға орнынан фото: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Орал әкімдігінің "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлауынша, өңірде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен.

Салдарынан үйдің шатыры ұшып қана қоймай, облыс орталығындағы бірнеше ауданда электер желісі үзілген.

күшті жел
Оқиға орнынан фото: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

"Апаттық бригада күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - дейді әкімдіктің төтенше жағдай бөлімінің жетекшісі Әділбек Қадыров.

Сонымен қатар облыстық ТЖД тұрғындарды алыс сапарға шығудан бас тартуға шақырып отыр, себебі аймақта әлі боран басылмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948577-oralda-kusti-zeldin-saldarynan-bes-qabatty-turgyn-ui-satyrsyz-qaldy-foto/

pixel