Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт баланы өрттен құтқарған қостанайлық оқушы марапатталатын болды

Опубликовано:

Олег Пирог
Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Қостанайда өмірін қатерге тігіп, өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман-есен алып шыққан бесінші сынып оқушысы Олег Пирогтың ерлігі елеусіз қалмады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов батыр баламен кездесіп, оған құрмет көрсеткісі келетінін жеткізді. Бұл туралы өңір әкімі Instagram парақшасында хабарлады.

"Қостанай қаласындағы "Садовод" саяжай қоғамының аумағында 25 желтоқсанда болған жазатайым оқиға туралы барлығы оқыған болар. Бесінші сынып оқушысы Олег Пирог өртеніп жатқан үйден төрт баланы құтқарды.

Ертең Олегті осы ерлігі үшін жеке алғыс айтуға, грамота мен бағалы сыйлықтар беруге шақырдым. Сондай-ақ осындай батыл және нағыз адал азаматты тәрбиелеген ата-анасына ризашылығымды білдіремін. Жарайсың, Олег!", - деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Айта кетейік, өрт болған күні Олег көшеде ойнап жүрген. Кенет көрші үйден қалың түтінді байқап қалған.

Олег мұнда көп балалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалар тұратынын білетін дейді Қостанай облысының төтенше жағдай департаменті.

Сондықтан ол өрт сөндірушілердің келуін күтпей, түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, кезекпен төрт баланы көшеге шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948587-tort-balany-ortten-qutqargan-qostanailyq-oqusy-marapattalatyn-boldy/

pixel