Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құны 23 млн теңге: Семей әкімдігі жаңажылдық екі шыршаның бағасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Семей қаласының көшелеріне орнатылған екі шырша үшін бюджеттен 23 млн теңге бөлінген. Қалалықтар жаңажылдық шыршаларға осынша қомақты қаражат кеткеніне таң қалуда. Қала әкімдігі аталған мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бюджеттен шыршаларға аталған сомадағы қаражат кеткені туралы әлеуметтік желідегі хабарламалардан белгілі болған. Қалалықтар болса, бұл мәліметке қатысты наразылығын білдірген. Олар жаңажылдық шыршаларға бюджеттен тым көп ақша бөлінгенін айтуда.

Желіде айтылған сынға қалалық ТКШ бөлімі жауап берді. Ведомстводағылар болса, шыршалар қаланы жаңажылдық безендіру аясында сатып алынғанын айтып, түсінік берді. "Уральская" шыршасы" деп аталатын ағаштар Мәскеуден сатып алынған. Олардың біреуінің биіктігі - 19 метр, ал екіншісінікі - 18 метр. Бұл бағаға ағаштардан бөлек, безендіру мен Ресей астанасынан жеткізу қызметі де кірген.

"Бұл шыршалар мынадай бөліктерден тұрады: ұзындығы 200 см болатын орталық алаңдағы "Жұлдыз", жарықдиодты гирлянда саны - 200, 47 сантимерлік "Жұлдыз" ойыншықтарының саны - 25 тал, 36 сантиметрлік "Жұлдыз" ойыншығынан 220 тал және жұлдыз тәрізді қоректендіру адаптерінен 245 тал. Одан бөлек, бұл Мәскеуден тасымалдау мен жинау және салықтарға кеткен соманы қамтиды", - делінген ТКШ бөлімінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948595-quny-23-mln-tenge-semei-akimdigi-zanazyldyq-eki-syrsanyn-bagasyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel