Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер вакцина алып жатқан балалардың ата-анасын қандай сұрақтар жиі мазалайтынын айтты

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Бүгінде 12 жасқа толған қазақстандық жасөспірімдер COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алып жатыр. Басты талаптың бірі – ата-ананың рұқсаты. Осы орайда елордадағы №1 қалалық емхананың балалар және әйелдерді емдеу бөлімінің басшысы Жамиля Танлашева балалар вакцинасының маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің емханадан вакцинаны көбіне 16-17 жастағы жоғары сынып оқушылары алып жатыр. Олар ата-анасымен келеді және бізден кеңес сұрап жатады. Ата-аналардың жиі қоятын сұрағы, екпенің кері әсері қандай, вакцина қанша уақытқа дейін баланы коронавирустан қорғай алады және екпе ғылыми зерттеуден өткен бе?

Әрине біздің мамандар ата-аналар мен жасөспірімдердің сұрағына жауап беріп жатыр. Осы уақытқа дейін балалар арасында екпе алып кері әсері байқалған жағдай тіркелген емес. Әзірге дәрігердің көмегіне ешкім жүгінген жоқ", - дейді Жамиля Танлашева.

Оның айтуынша, бүгінде аталған емханада вакцина алу процесі қарқынды жүріп жатыр.

"Балалардың індетке қарсы екпені алғаны жөн. Осы орайда ата-аналарды дұрыс түсінуге және баласына вакцина салдыруға кеңес береміз. Біздің балалар алып жатқан АҚШ-тың Pfizer вакцинасын әлемнің көптеген елі қолданып жатыр және ол ғылыми зерттеу мен сынақтан өткен. Сондықтан ата-аналар уайымдап, қорықпау керек. Біз балаларымызды індеттен вакцина арқылы ғана қорғай аламыз", - дейді ол.

Дәрігердің сөзінше, вакцинаға қатысты жалған ақпарат пен түрлі қауесет кейде қоғамда түсінікпеушілік туғызып жатады.

"Вакцина алғаннан кейін ерекше жағдайда күтінудің қажеті жоқ. Дегенмен 3 күн бойы дәрігердің бақылауында болған жөн. Немесе бала өзін жайсыз сезінсе, дәрігерге жүгінген абзал. Иә, баланың мазасы кетіп, ыстығы көтерілуі мүмкін. Бірақ бұл қалыпты жағдай, одан шошынбау керек", - дейді балалар және әйелдерді емдеу бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ маман аллергиясы бар және 12 жасқа толмаған балаларға екпе алуға болмайтынын айтты.

"Одан бөлек, созылмалы аурудың асқыну жағдайында, вакцина алатын уақытта ыстығы жоғары болса немесе инфекциямен ауырып тұрса вакцина салуға тыйым салынады. Сол сияқты вакцина алатын баланың иммундық жүйесінің қалыпты болуы да маңызды", - деді Танлашева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948610-vakcina-alyp-zatqan-balalardyn-ata-anasyn-qandai-suraqtar-zii-mazalaidy/

pixel