20 жастағы ару бетіне қышқыл шашып, адам танымастай күйге түсірген сүйіктісіне тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: NEWSFLASH

20 жастағы түркиялық ару Берфин Озек екі жыл бұрын бетіне қышқыл шашып жіберген бұрынғы сүйіктісіне тұрмысқа шықты, деп жазады Fishki.net.

Басылымның жазуынша, оқиға 2019 жылы Бенфина Озек пен Казим Озан Селтиктің қарым-қатынасы тоқтағаннан кейін болған.

Екеуінің жолы екіге бөлінгеніне көндіге алмаған жігіт сүйіктісіне шабуыл жасап, оның бетіне қышқыл шашып жіберген. Салдарынан бойжеткен көркінен айырылып, бір көзі көрмей қалған.

Осыдан кейін Бенфина Озек болған жайтты полицияға хабарлап, Карим қамауға алынған. Бірақ ол Бенфинаға жиі хат жазып, одан кешірім сұрай бастаған.

Зардап шегуші ару жігіттің шағымды қайтып алу туралы өтінішіне келіскен. Алайда әлеуметтік желідегілер жаппай наразылық білдірген соң ол қателескенін түсініп, қайта шағым түсірген.

Нәтижесінде Казим Озан Селтик 13 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Дегенмен жуырда ел заңына енгізілген өзгерістердің арқасында ол шартты түрде босатылған.

Фото
Фото: NEWSFLASH

Түрмеден шыққан Казим бірден Берфинге үйленуге ұсыныс жасаған. Жас қыз да оның ұсынысын қабыл алған. Үйлену тойы желтоқсан айының басында өткен.

Болған жайтқа қатысты Берфиннің әкесі Ясар Озек: "Ол біздің рұқсатымызды алмай тұрмысқа шықты. Мен ол үшін көп жыл күрестім, бірақ мұның бәрі бекер", - дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948617-20-zastagy-aru-betine-qysqyl-sasyp-adam-tanymastai-kuige-tusirgen-suiiktisine-turmysqa-syqty-foto/

jitsu gif