Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вандалдар Ақтауда құны 2,5 млн теңгеден асатын әткеншектердің бірін сындырып кетті (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Lada.kz

Ақтау тұрғындары орталық алаңдағы әткеншектердің бірін сындырған белгісіз адамдардың әрекетіне ашуланды. Lada.kz хабарлауынша, бұл жағдай қала орталығындағы Ынтымақ алаңында болған.

"Айтарға сөзім жоқ. Алаңда барлық бейнебақылау камералары істеп тұрғаны анық және бұл адамдардың кім екенін анықтау қиындық тудырмас еді. Бірақ полиция әрекет етпей отыр", - дейді қала тұрғыны.

Осы ретте, Ақтау қаласының әкімшілігі "Әткеншектер" шағын сәулет нысаны әлі балансқа алынбағанын хабарлады.

"Енді "Clover media group" ЖШС компаниясы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - дейді әкімдіктен.

Сонымен бірге, әкімдік әткеншектердің құны 2 553 441 теңге екенін мәлім етті.

Фото
Фото: Lada.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтау қаласының 15-шағын ауданында құны 4 560 415 теңгені құрайтын "Трио әткеншегі" атты сәулет нысаны қойылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948627-vandaldar-aqtauda-quny-25-mln-tengeden-asatyn-atkensekterdin-birin-syndyryp-ketti-foto/

pixel