БҰҰ бас хатшысы келесі пандемияға дайындалуға шақырды

Опубликовано:

Антониу Гутерреш
Антониу Гутерреш. Фото: РИА Новости / Алексей Майшев

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш COVID-19 адамзат үшін соңғы пандемия емес деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

"COVID-19 адамзат үшін соңғы пандемия емес. Біз денсаулық сақтау саласындағы дағдарыспен күресе отырып, келесісіне дайындалуымыз қажет", - деп жазды Гутерреш өзінің Twitter парақшасында.

Айта кетсек, әлем бойынша 27 желтоқсанда Халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күні атап өтіледі. Бұл датаны БҰҰ Бас ассамблеясы 2020 жылдың қарашасында бекіткен болатын.

Антониу Гутерреш Халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күнінде осы мәселеге назар аударуға және оған қажетті инвестицияны бөлуге шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін деп болжам жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948634-buu-bas-xatsysy-kelesi-pandemiyaga-daiyndaluga-saqyrdy/