Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде пойызда зорлауға оқталу фактісі бойынша іс тергеліп жатыр

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысында пойызда зорлауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, аталған фактіні Семей станциясының желілік полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі және 24-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеуге алған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Егер факті расталып, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Көліктегі полиция департаменті тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Семейде көлік жырадан құлап кетіп бір адам қайтыс болғанын жазған едік.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948640-semeide-poiyzda-zorlauga-oqtalu-faktisi-boiynsa-is-tergelip-zatyr/

pixel