Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тауда аяғын қайырып алған аруды арнайы мамандар зембілмен төменге түсірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда тауға шыққан бойжеткен жарақат алып, өздігінен түсе алмаған. Оны құтқару үшін төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Жексенбі, 26 желтоқса күні 15:15-те жедел жасақтың кезекші бөліміне аяғын қайырып алған қыздың Көкжайлаудан түсе алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Тез арада құтқару тобының жеті қызметкері мен кинологиялық топ оқиға орнына аттанған. Олар жарақат алған аруды зембіл және арқанның көмегімен төмен қарай түсіріп, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырған.

Белгілі болғандай, 21 жастағы ару туристер тобымен тауға көтерілген. Алайда қайтар жолда аяғын қайырып алған.

Құтқарушылар келгенге дейін оның жанында құрбысы болған.

Осы орайда ведомство қала тұрғындарын тауда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

"Есіңізде болсын: таудағы температура әр 100 метр сайын 0,5 градусқа, кейде бір градусқа төмендейді. Сондықтан жылы, су өткізбейтін киім киіңіз, өзіңізбен бірге ыстық сусын алыңыз, сонымен қатар тауда жүруге ыңғайлы арнайы аяқ киім киіңіз. Өзіңіз баратын бағыт туралы мүмкіндігінше көбірек ақпарат алыңыз. Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды және шамамен қай уақытта қайтатыңызды айтып кетіңіз және тауға жалғыз шықпаңыз", - дейді республикалық жедел-құтқару жасағы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948641-almatyda-tauda-ayagyn-qaiyryp-algan-arudy-arnaiy-mamandar-zembilmen-tomenge-tusirdi/

pixel