"Алматыда бірнеше аптадан бері алғаш рет қар жауды": ТЖД қалалықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бірнеше аптадан бері алғаш рет қар жауды. Осыған байланысты қалалық ТЖД көлік жүргізушілері мен тұрғындарға жолда сақ болуды ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 27 желтоқсан күні сағат 02.00-де Алматы қаласының төменгі аудандарында қар жауа бастаған. Таңғы сағат 07.00-де қардың қалыңдығы 5 см болған.

Қаланы қардан тазарту үшін көшеге 526 бірлік арнайы техника шыққан.

Одан бөлек, көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы заттар себіліп, 1300 тонна материал пайдаланылған.

Сонымен бірге тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік те ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, Алматыда аралас жауын-шашын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз 0-ден -2 градусқа дейін, күннің екінші жартысында одан әрі төмендейді.

Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ жағдайында жолдарда өте сақ және мұқият жүруге шақырды.

Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар:

  • есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу қиындай түседі және жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі ғажап емес;
  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындардан өту керек;
  • абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;
  • әрқашан алдыңызға қараңыз;
  • аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім - бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
  • мұзды жермен жүргенде тепе-теңдікті сақтау үшін қолыңызды қалтаңызға салмаңыз;
  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып, құлайтын жерлер болып табылады.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған конструкциялардың астына қоймауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948647-almatyda-aua-raiyna-bailanysty-tzd-qalalyqtarga-undeu-zasady/

jitsu gif