Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз жасымды ұстай алмадым": 23 жыл бойы төсекке таңылған азаматтың ерік-жігері көпті таңғалдырды

Опубликовано:

Ердос Қанаев. Кадр
Ердос Қанаев. Кадр: instagram.com/erdoskanaev/

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев желіде өзін тәнті еткен жанның оқиғасын бөлісті. Айтуынша, Қуатқали есімді азамат 23 жыл бойы төсекке таңулы әрі екі көзі көрмейтін зағип жан. Алайда оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен имандылығы дені сау адамдарды шаң қаптырады, дейді Ердос.

Ерік-жігерімен өзін қатты таңғалдырған азамат туралы Ердос Қанаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Сіз өміріңізге қаншалықты разысыз? Біз шүкір ететін нәрсе көп, бауырлар, өмірімізде. Бұл - Қуатқали аға. Осылай төсекте таңылып жатқанына 23 жыл болыпты. Алланың сынағы ғой, аяқ-қолы істемейді, жүріп-тұра алмайды. Көзі көрмейді. Бірақ, Алланың бұл ісіне ешқашан шағым айтып, налыған емес. Аузынан шыққан сөзі тек қана "Әлхамдулиллә".

Шамам жеткенше Қуатқали ағаны жиі зиярат жасап тұрамын. Сонда жанына барған кезде, көңіліне медеу боларлықтай сөздер айта бастасам, қайта өзіме уағыз айтып, менің иманымды күшейтіп тастайды. Қандай батырлық десеңізші.

Бірде Қуатқали ағаға ең бірінші барған кезім.

"Аға! Мен "Жігіттер" тобында ән айтатын Ердос деген бауырыңыз боламын", - деп едім, ағам кішкене үнсіздіктен кейін: "Ән айтатын Ердосты білмедім, бірақ Ерлан Ақатаев ұстаздың сабағында азан айтатын Ердос деген жігіт бар екен. Сен сол Ердос емессің бе?" демесі бар ма?

Үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей болды сол кезде. Көзімнің жасын ұстай алмадым. 23 жыл төсекте жатқан, өмірімде бірде-бір рет көрмеген адам әнші деп емес азаншы деп таныды мені. Алла ұлық. Содан бері Қуатқали ағамды туған ағамдай көріп кеттім. Жаным аға!

Бұл қысқа, жалған дүниенің қызығын көре алмасаңыз да Алла сізге жәннаттың барлық нығметтерін көруді нәсіп етсін. Біз өмірімізге шүкір ететін нәрсе көп бауырлар. Ойланайық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948655-kozimnin-zasyn-ustai-almadym-23-zyl-boiy-tosekke-tanylgan-azamattyn-erik-zigeri-kopti-tangaldyrdy/

pixel