Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 300 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті

Опубликовано:

Қолдау
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қоры

Үкіметтік емес ұйымдарда күш-жігерін біріктіретін жандар талай мәселенің тігісін жатқызады. Бір адамның тағдырын шешуде немесе өңірдің дамуындағы мұның маңызы зор. Екі баланың анасы Ботагөз Сартбаева үкіметтік емес ұйымдар көрсететін өте маңызды қолдау туралы айтты.

«Декреттік демалыстағы әйелдерге өзін-өзі дамытуға уақыт табу қиын. Мен оқып жүрген кезде балаларыма біреу қарайды деп ойламадым. «Әлеуметтік күтуші» жобасының арқасында мүмкін екен. Бұл үлкен көмек, себебі мен сияқты аналар сол кезде ақша тауып, курстардан өте алады. Жобаның арқасында 1С курсын оқыдым. Бірнеше жеке кәсіпкерге бухгалтерлік тұрғыдан көмектесуге мүмкіндік туды. Табысым артты», - дейді Ботагөз Сартбаева.

«Әлеуметтік күтуші» жобасының авторы – «Береке-Астана» мүгедектер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы. «Береке-Астана» дамыту және оңалту орталығы көрсететін бала күту қызметін аз қамтылған, қиын жағдайға тап болған көп балалы және мүгедек баласы бар әйелдер тегін пайдалана алады.

ҮЕҰ-ның тағы бір қызықты жобасы - Алматы қаласындағы «Community Media Hub» алғашқы инклюзивті медиа мектеп. Бірегей жобаның авторы «Reliance» ҚҚ.

Қолдау
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қоры

Инклюзивті бағдарламаның арқасында кәсіби жаттықтырушылар ерекше қажеттілігі бар жандардың медиасауаттылығын және цифрлық дағдыларын арттырумен айналысады. Мұнда видеомейкинг, дыбыс режиссурасы, продюсер қызметң, журналистика негіздері, сонымен қатар, цифрлық қоғамдық БАҚ құру бағыттары бойынша оқытылады. Жоба соңында еліміз бойынша 20 медиапродюсер дайындалады.

«Медиа мектепте оқу БАҚ-тағы мүгедектер бейнесін өзгертуге септігін тигізеді, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамда тең құқылы болуына жол ашады. Біздің міндетіміз - ерекше қажеттілігі бар адамдар емдеуге ғана мұқтаж емес екендігін танытып, шәкірттерді қоғамның көзқарасын өзгертетін контент жасауға үйрету. Ең әуелі, оларға барлық жағынан кедергісіз орта ұсыну қажет», - дейді медиа мектеп директоры Сәуле Алпысова.

Айта кетейік, «Береке-Астана мүгедектер қауымдастығы», «Reliance» жобаларын іске асыруға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған. Бұл екі үкіметтік емес ұйым 2021 жылы әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде топ жарған алты жеңімпаздың бірі. Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2008 жылдан бастап өткізеді. Бұл уақытта әлеуметтік қолдау, экологияны жақсарту, азаматтық құқықтарды қорғау және басқа да салалардағы 300 жобаға қолдау көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948669-nursultan-nazarbaev-qory-300-aleumettik-zobaga-qoldau-korsetti/

pixel