Қарағанды облысында прокурор көлік жүргізушісінің әрекеті үшін жазаланды

Опубликовано:

Көлік
Фото: facebook.com/groups/Novosti.Karaganda

Қарағанды облысы Саран қаласының прокуроры қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған жүргізушісі үшін сөгіс алды. Тексеру қорытындысына сәйкес ер адам көлікпен өз балаларын тасымалдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Тексеріс барысында 8 қазан күні қызметтік көліктің Қарағандыдағы "Өжет" спорт кешені аумағында болғаны және прокуратура жүргізушісі оны жеке мақсатта пайдаланғаны анықталды. Осы үшін Саран прокуроры жазаланды, ол тәртіптік жазаға тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде қызметтік көліктің өзге мақсатта пайдаланылғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Сол кезде желідегі жазбада прокуратураның қызметтік көлігі Гүлдер шағын ауданында орналасқан спорт кешеніне бала таситыны, ал жүргізушісі ғимарат алдында сағаттап күтетіні айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948686-qaragandy-oblysynda-prokuror-kolik-zurgizusisinin-areketi-usin-zazalandy/