Елімізде алдағы күндері 32 градусқа дейін аяз болуы ықтимал

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Осыдан кейін суық ауа массаларының әсірінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстік жартысында түнде сынап бағанасы -25-32 градусқа дейін, орталықта -15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде -10-18 градусқа дейін төмендейді деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948692-elimizde-aldagy-kunderi-32-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-yqtimal/