Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында балабақша қызметкері бюджеттен 54 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Балабақша
Фото: ҚР ҚМА

Жамбыл облысындағы балабақшалардың бірінде бюджет қаржысын жымқыру фактісі тіркелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасө қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аймақтық департамент қызметкерлері экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі әлсіз нүктелерді жоюға бағытталған "Qamqor" жобасы шеңберінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім беру бөлімінің "Ақбота" балабақшасы қызметкерінің ақша жымқыру фактісін анықтады.

Тергеу бюджет бойынша жауапты қызметкер Абибуллаев өз қызметін пайдаланып, 2018 жылдан 2021 жылға дейін шотына заңсыз қаражат аудару арқылы 54 млн теңге ұрлағанын анықтады. Абибуллаев алты жылға сотталды. Келтірілген залал ішінара жабылды. Ол 18 млн теңге төледі.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері заң жүзінде тыйым салынғанына қарамастан кәсіпкерлікпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948703-zambyl-oblysynda-balabaqsa-qyzmetkeri-byudzetten-54-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel