Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда ММА файтерін аяусыз соққыға жығып, ұрлап кетті: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Опубликовано:

Талғардағы төбелес
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Талғарда аралас жекпе-жек бапкерін ұрлау ісіне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласында тергеуден жасырынған үшінші күдіктіні қолға түсірді. Жақында ұсталған екі күдіктіге материалдарды әрі қарай сотта қарау үшін айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жектің бірнеше мәрте жеңімпазы және ережесіз жекпе-жектің жаттықтырушысы, ММА-дың 37 жастағы файтері Арман Әлімовқа шабуыл 17 маусымда Талғарда адамдардың көз алдында жасалды. Оқиға бақылау камерасының объективіне түсіп, видео әлеуметтік желілерде тарады.

"Бейнежазбада төрт жігіт соққыға жығылған ер адамды көлікке сүйреп апарып, алып кетеді. Жәбірленуші түрлі дене жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қозғалды. Кейін іс Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша кісі ұрлау) толықтырылды. Екі күдікті ұсталды, қалған екеуі республикалық іздеу жарияланды",- деді Алматы облыстық ПД.

Жақында Нұр-Сұлтандағы жедел-іздестіру шаралары барысында үшінші күдікті ұсталды. Ол Талғардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Үшеуі де қамауда. Екі күдіктіге қатысты тергеу өндірісі аяқталды және айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жіберілді. Жақында ұсталған күдіктеге қатысты қылмыстық іс жеке өндіріс бойынша тіркелді",- деді полицияда.

Ведомство төртінші күдіктігі қатысты мәліметті жариялады. Ол 1990 жылы туған Нұрмұхамет Сұлтанбеков болып шықты. Күдікті осыға дейін Талғарда тұрған. Ол мемлекеттік іздеуде. Ол туралы ақпарат білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948704-talgarda-mma-faiterin-ayausyz-soqqyga-zygyp-urlap-ketti-oqigaga-qatysty-tyn-derek-syqty/

pixel