Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жақында тағы 2 метро стансасы іске қосылады

Опубликовано:

Метро
Фото: Zakon.kz

Алматыда таяу күндері екі метро – "Сарыарқа" және ""Бауыржан Момышұлы" стансалары іске қосылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

"Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Т.Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайрық ашылды. Абай даңғылы бойымен Б. Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін, одан әрі қаланың батыс шекарасына дейін көптен күткен жол қолданысқа берілді. Таяу күндері екі метро станциясының техникалық іске қосылуы болады: "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы", - деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Алматы қалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров баспасөз қызметіне мәлім еткендей, Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы мен Тіксай өзенінің арнасы қайта жаңартылды.

Сонымен қатар, ол Есентай өзенінің бойында қала тұрғындарына арналған демалыс аймағының құрылысы жалғасып жатқанын айтты. Бұған дейін Алматыда метро желісі "Алтын орда" базарына дейін ұзартылатыны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948730-almatyda-zaqynda-tagy-2-metro-stansasy-iske-qosylady/

pixel