Шымкент тұрғыны мемлекетке миллиард теңге шығын келтірген
Опубликовано:

Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 млрд теңге залал келтіргені үшін сотталды. Істің мән-жайын қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Тергеу мәліметтері бойынша, Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына "Мейір құрылыс", "Тыныштық 2018", "Элит Капитель", "МАГМА-2018", "Ашимов и Ко", "A L A T A U K", "S-Industry", "БЕС ҚАСҚА", "ЖОРҒА 2019", "ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020", "Eхcellent", "УГАМ 2018", "005", "Эверест К" ЖШС 14 кәсіпорынды тіркеген.
Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатынсыз құрылған.
Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді.
Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948745-symkent-turgyny-memleketke-milliard-tenge-sygyn-keltirgen/